Жиі қойылатын сұрақтар (FAQ)

Сайтта тіркелу және авторизация

Сайтта қалай тіркелуге болады?

Сілтеме бойынша өтіп, ашылған терезеде «Тіркелу» қосымша парағын таңдаңыз. Тіркелудің екі тәсілі бар:
  1. Әлеуметтік желі арқылы. Тіркелу үшін қолжетімді әлеум. желіні таңдаңыз, аккаунтыңыздың логинін және құпиясөзді енгізгеннен кейін біздің сайтта автоматты түрде тіркелетін боласыз.
  2. Нысан жолдарын толтырыңыз: атыңызды, тегіңізді, email, телефон нөміріңізді және де қалаған құпиясөзді енгізіңіз.
Алғашқы тапсырыс жасаған кезде, тіркелу автоматты түрде жүретіндігіне назар аударуыңызды өтінеміз. Есептік жазбаңыздың логины мен құпиясөзі тапсырыста көрсетілген  email-ға жіберілетін болады.

Сайтта қалай авторизациядан өту керек?

Егер сіздің Tickets.kz сайтында аккаунтыңыз болса, сілтеме бойынша өтіңіз де ашылған терезеден «Кіру» қосымша парағын таңдаңыз. Авторизациядан өтудің екі тәсілі бар:
  1. Әлеуметтік желі арқылы. Егер сіз тіркелудің немесе тапсырыс жасаудың осы тәсілін пайдаланған болсаңыз, тиісті әлеум.желінің батырмасын басыңыз.
  2. СМС жіберу арқылы құпия сөзді жаңарта аласыз. Сізге сіздің тіркеу жазбаңызға тіркелген телефон нөмірін жазыңыз, сізге осы нөмірге растау коды келеді.
  3. Сайтта өзіңіздің email мен есептік жазбаңыздың паролін енгізіңіз (бұл ақпарат бірінші рет тіркелген кезде немесе бірінші тапсырысты жасағанда көрсетілген email -ге жіберіледі).
Егер сізде тіркелуде/авторизациядан өтуде қиындықтар туындаса, Авторизациядан өту проблемалары мақаласын оқыңыз.