Өз клиенттеріміздің деректерінің құпиясын қорғау үшін, біз e-commerce қауіпсіздіктің қатаң стандарттары мен хаттамаларын енгіздік және ұстанамыз. Біздің сайт халықаралық деректерді қорғау жүйелерінде қажетті тексеруден және сертификаттаудан өтіп отырады.
Төлем тәсілінен тәуелсіз,
Tickets.kz сайтының барлық төлемдік парақтары SSL сертификатымен қорғалған. Сіз өзіңіздің жеке ақпаратыңыздың (аты-жөніңіздің, мекенжайыңыздың, телефон нөміріңіздің, электрондық мекенжайыңыздың, несие картаңыздың нөмірінің) жария болуынан қауіптенбеуіңізге болады – деректерді жолдау шифрланған түрде жүреді және олар серверге сақталмайды.
Tickets.kz сайтында барлық онлайн төлемдер қалай қорғалған
1. PCI DSS сертификаты

Payment Card Industry Data Security Standard (Стандарт PCI DSS) — Карталармен төлемдердің қауіпсіздігі жөніндегі кеңес (Payment Card Industry Security Standards Council, PCI SSC) әзірлеген төлем карталары индустриясындағы деректердің қауіпсіздік стандарты.
Tickets.kz сайты жыл сайын PCI DSS сертификаттаудан өтеді.
Сертификат сайттың Visa/MasterCard, American Express, JCB і Discover халықаралық төлем жүйелерінің стандарттарына сәйкестігін растайды.
Сертификатты алу үшін, барлық карталардың деректерін қабылдау, жолдау жәнее шифрлау жүйелері және компанияның инфрақұрылымы PCI SAQ (Self-Assessment Questionnaire D and Attestation of Compliance) нормативтері тізімінде тағайындалған кем дегенде 288 талапқа қатаң сәйкес келетін болуға тиіс.
E-commerce нарықта тек санаулы компаниялар ғана PCI DSS сертификаттаудан өткен және өз клиенттеріне сайтта төлемдердің толық қорғалатынына кепілдік береді.
2.McAfee ұсынған HackerSafe сертификаты

Ресми түрде HackerSafe ретінде белгілі McAfee Secure стандарты онлайн-қауіпсіздік қызметтері саласында әлемдік көшбасшы болып табылады.
Tickets.kz сайтының әрбір парағы McAfee сертификатымен қорғалған және пайдаланушы үшін абсолютті қауіпсіз болып табылады. McAfee® SiteAdvisor® бағдарламалық жасақтамасы сайтты ықтимал осал тұстарын немесе зиянкес құрамды іздеп тұрақты сканерлеп отырады.
3. SSL 128 бит Thawte сертификаты

SSL 128 бит Thawte сертификаты — деректерді криптографиялық шифрлау технологиясы.
Сіздің картаңыздың нөмірі, CVV2 коды туралы құпия ақпарат және оның басқа деректемелері біздің сайтқа шифрланған күйінде жолданады. Ақпаратпен алмасу үшін орнықты криптография (кілттің ұзындығы 128 бит) пайдаланылатын SSL-шифрлаудың өнеркәсіптік стандарты қолданылады. Одан әріде шифрланғанн түрде төлем шлюзі арқылы ол банктің процессингілік орталығына жолданады.
Осындай стандарттар бойынша жұмыс істей отырып,
Tickets.kz сайты транзакциялардың өтуіне «адами фактордың» ықпалын түгелдей жоққа шығарады. Сіздің құпия ақпаратыңыз біздің қызметші құрамымыз, тіпті әкімшінің құқықтарына ие қызметкерлер үшін де жабық.
Егер сіз басқа ресурстарда жоғарыда аталған төлемдерді қорғау стандарттарын көрмесеңіз – төлемақы жүргізуден бас тартқан қауіпсіз болады. Сіздің қауіпсіздігіңізді және өзінің атағын ойлайтын сенімді сайттарды таңдаңыз.