Әуе билетін сатып алуда ақша үнемдеудің бірнеше тәсілі бар. Ең алдымен тарифтердің қалай қалыптасатынын түсіну керек, сондай-ақ, әуе билетінің бағасына әсер етуші факторларды ескеру керек.
Билеттің бағасы төменде көрсетілгендерге байланысты:
1. АлымдарБилет құнына түрлі алымдар кіреді:
- Әуежай алымы — әуежай, қала немесе ел басшылығы тарапынан белгіленеді. Алым терминалдар мен ұшып-қону жолақтарын күтіп ұстауға немесе жаңадан салуға, ұшу және қону қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, әуежайды пайдалануға және қосымша қызметтерге жұмсалады.
- Отын немесе жанармай алымы — әуежайдың отынға деген шығындарын өтеуге жұмсалады.
- Сервистік алым — билет сатып алу кезінде көрсетілген қызмет үшін касса немесе агенттік тарапынан ұсталынатын комиссия.
2. Ұшу санатыҚалауына байланысты ұшудың эконом, бизнес немесе бірінші жайлылық санаттарының бірін таңдауға болады.
3. Тарифтерді қолдану ережелері:Қалыпты (толық) және арнайы (жеңілдікті) тарифтер болады.
- Қалыпты тарифтерде ешқандай шектеу болмайды және бұл тарифтер билет құнын төлеудің, оларды рәсімдеу мен брондаудың икемді шарттарын ұсынады.
- Арнайы тарифте сервис сапасына әсер етпейтін бірқатар шектеу түрлері қарастырылған. Бұл тарифте билеттің жарамдылық мерзімі, қайта өткізу және өзгерістер енгізу мүмкіндігішектелінеді. Осы шектеулерге сәйкес мұндай билеттердің бағасы арзанырақ болады.
4. Апта күндеріӘдетте сенбі және жексенбі күндеріндегі рейстермен ұшу бағасы жай күндердегіге салыстырғанда қымбатырақ болады.
5. Маусымдар
Билет бағасына тіпті жыл мезгілдері де әсер етеді. Жоғары және төменмаусымдар деген ұғымдар белгілі бір бағыттарға билет сатып алуға деген сұраныстың жоғары немесе төмен болуына байланысты. Маусым жоғары болған сайын әуе билетінің бағасы да жоғары болады.
6. Валюта бағамыБилет сатып алу кезіндегі валюта бағамының билет іздестіру кезіндегіден өзгеше болуы да ұшу бағасына әсер етеді.
7. БәсекелестікБелгілі бір бағытқа бәсекелес ұсыныстардың көп немесе аз болуына қарай әуе компаниясы ұшу бағасын төмендетуге не көтеруге мәжбүр болады.
Сізге билетті тиімді сатып алуға көмектесетін бірнеше кеңес
- Ұшаққа билетті алдын ала сатып алыңыз. Әуе компаниялары алдын ала сатылымдарды жандандыру мақсатында билетті бірінші кезекте ең арзан орындарға сатады. Сондықтан билетті қаншалықты ерте сатып алсаңыз, ол сізге соншалықты арзанға түседі.
- Көпке созбай, тезірек сатып алыңыз. Арзан билеттер өте жылдам өтіп кететіндіктен, егер сізге «қауырт» ұсыныс кез келген болса, билетті сол мезетте брондаған жөн.
- Әдетте сейсенбі, сәрсенбі және бейсенбі күндері билеттер арзанырақ болады. Мереке және демалыс күндері ұшпауға тырысқаныңыз жөн.
- Тікелей рейстермен ұшудың жайлырақ болғандығына қарамастан, оларға салыстырғанда ұшақ ауыстырып отыратын рейстердің билеттері айтарлықтай арзан болатындығын ескергеніңіз жөн.
- Жеңілдіктерден пайдаланыңыз: балаларға, студенттерге, оқытушыларға,зейнеткерлерге, экскурсиялық топтарға арналған жеңілдікті тарифтер бар.
- Бонустық бағдарламаларға қатысыңыздар. Билетті біздің сайттан сатып алыңыз да баллдарды жинақтаңыз. Осылайша билет құнын 99% дейін үнемдеуге болады.
- Егер әуе компаниясының бонустық бағдарламасының қатысушысы болсаңыз, «Мильдік карта» пунктінің жанына белгі қойыңыз.
- Кеңейтілген іздестіруді пайдаланыңыз: болжамдалған ұшу күнін таңдаған соң «нақты ұшу күні» пунктін «+/- 3 күн» пунктіне ауыстырыңыз. Ұсынылған нұсқалардың ішінен ең жақсы бағаны таңдап алуыңызға болады.
- Ұшу санатын таңдай отырып, «Кез келген» деген нұсқаны таңдаңыз. Жүйе әртүрлі санаттарды қоса жинақтап салыстыра отырып, сізге ең тиімді нұсқаны ұсынады.
Әуе билетін сатып алу барысында нені естен шығармаған жөн?
Арнайы (жеңілдікті) тарифпен билет сатып ала отырып, шектеуліктерді есте сақтау керек. Билет қаншалықты арзан болса, тариф шарттары соншалықты қатаңдау болады:
- стоповер мүмкіндігінің шектеулі болуы (бағыт бойында 24 сағаттан артық аялдау. Бұған жатпайтын елдер: Солтүстік Америка елдерінде 4 сағаттан асатын аялдама стоповер деп аталады, Орталық Америка мен Панамада стоповер – 6 сағаттан асатын аялдама), әдетте оған тиым салынған немесе ол үшін қосымша ақы талап етіледі;
- билетке өзгеріс енгізу қарастырылмаған;
- арзан әуе билеттері қайтарып алынбайды немесе төленген соманың азғантай бөлігі ғана қайтарылады.