Азаматтық авиация, полиция органдарына, кеден қызметіне және шекара әскерлеріне жолаушының қол жүгін және негізгі жүгін тексеруге, сондай-ақ, азаматтық әуе көлігімен саяхаттаушы жолаушының өзін тексеру құқығы беріледі. Тексеру әуежайда да, ұшу барысында ұшақ ішінде де жүргізілуі мүмкін.
Жолаушы тексеру жүргізілуіне қарсы болған жағдайда тасымалдаушы жолаушыны тасымалдаудан бас тартуға құқылы. Қажет болған жағдайда тексеру жолаушының келісімінсіз жүргізілуі мүмкін.