1. Шарттың мәні
1.1. Осы шетепге шығатын тұлғалардың науқастануы жағдайына ерікті сақтандыру шарты (бұдан әрі - Шарт) Қазақстан Республикасының қодданыстағы заңнамасына және «Сентрас Иншуранс» Сақтандыру компаниясы» АҚ шетелге шығатын тұлғаларпың науқастануы жағдайына ерікті сақтандыру қағидаларына (бұдан әрі - Қағидалар) сәйкес жасалды.
1.2. Осы шарттың мәні болып шетелге шығатын тұлғалардың науқастануы жағдайына ерікті сақтаңдыру табылады.
1.3. Сақтанушы сақтандыру сыйлықақысын төлеуге, ал Сақтандырушы, сақтандыру оқиғасы туындаған кезде Сақтандыру шартымен белгіленген сақтандыру сомасының шегіңде Сақтанушыға немесе Сақтандыру шарты пайдасына жасалған өзге тұлғаға (Сақтандырылған тұлғаға/Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға міндеттенеді.
2. Жалпы ережелер
2.1. Шартта пайдаланылатын негізгі ұғымдар мен терминдер:
Кенет ауру — өміріне қауіп туғызатын және шұғыл медициналық араласуды талап ететін органдар мен жүйелердің зақымдануы болып клиникалық көрінетін Сақтандырылған тұлға денсаулығы жағдайының күтілмеген өзгеруі;
Пайда алушы — Сақтаңдыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алушы бопып табылатын тұлға;
Сақтандырылған тұлға — оған қатысты Сақтаңдырушы Сақтандыру шартын жасасатын тұлға. Сақтаңдырылған тұлға болып Қазақстан Республикасынан тысқары уақытша шығатын тұлға саналады;
Медициналық шығындар — медициналық жәрдемді кәрсетудегі кешігу, тіпті өліммен аяқталуы мүмкін, ағзаның ауыр кері айналмайтын жағдайларын туғызатындықтан, Сақтандырылған тұлға Қазақстан Республикасына қайтқанша қалдырылуы мүмкін емес шұғыл медициналық көмекті: диагностиканы, білікгі практика жүргізуші дәрігермен көрсетілген және/немесе айтылған терапевтикалық және/немесе хирургиялық емдеуді алумен байланысты Қазақстан Республикасынан тысқары Сақтанушы/Сақтандырылған тұлға көтерген шарасыз, қажетті шығындары;
Медициналық эвакуация — егер Сақтандырылған тұлға Сервистік компанияның білікті қызметкерлерінің ұйгарымы негізінде мерзімінен бұрын қайтуға мәжбүр болған және Қазақстан Республикасына ұшу күні Сервистік компания ұйымдастырған қайту билетін немесе Сақтандырылған тұлғаны медициналық сүйемелдеуді пайдалана алмаған жағдайда Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру аумағынан Қазақстан Республикасына шығуды Сервистік компанияның ұйымдастыруы;
Жазатайым оқиға — адамның еркіне қарсы пайда болған денсаулыққа зиян, жарақат келтірген немесе өлімпе апарып соқтырған Сақтандырылған тұлғаның ағзасына механикалық электр немесе термикалық әсер етудің нәтижесінде кенет қысқа мерзімді оқиға (уақиға).
Өлгеннен кейінгі репатриация — қайтыс болған Сақтандырылған тұлғаның мәйітін жерлеу орнына жақын Қазақстан Республикасындағы халықаралық әуежайға немесе азаматтық елінің халықаралық әуежайына дейін тасымалдауды ұйымдастыру Жерлеу мен қабырлау бойынша шығыңдардан басқа, өлімнен кейінгі репатриация бойынша шығындар Сақтандыру шартында ескертілген сақтандыру сомасының шегінде өтеледі.
Сервистік компания — Сақтандырушымен жасасқан Шарттың негізінде Сақтандыру шартының I бөлімінде аталған сақтандыру аумағында Сақтаңдыру шартымен көзделген қызметтердің Сақтандырылған тұлғаға ұсынылуын ұйымдастыруды, үйлестіруді және бақылауды жүзеге асыруға міндеттемені өзіне қабылдаған заңды тұлға;
Сақтанушы — Сақтаңдырушымен Сақтандыру шартын жасасқан және сақтандыру сыйлықақысын төлеген тұлға. Егер басқасы Сақтандыру шартымен көзделмесе, Сақтанушы бір уақытта Сақтандырылған тұлға болып табылады;
Сақтандыру төлемі — сақтаңдыру оқиғасы туындаған кезде сақтандыру сомасының шегінде Сақтандырушы Сақтанушыға (Пайда алушыға) төлейтін ақша сомасы;
Сақтандыру сыйлықақысы — Сақтанушы Сақтандырушыға соңғысы Сақтаңдыру шартында белгіленген мөлшерде Сақтанушыға (Пайда алушыға) сақтандыру төлемін жүргізуге міндеттемені қабылдағаны үшін төлеуге міндетті ақша сомасы;
Сақтандыру сомасы (жауапкершілік лимиті) — сақтандыру объектісі сақтандырылған және сақтандыру жағдайы туындаған кезде Сақтандырушы жауапкершілігінің шекті көлемін білдіретін ақша сомасы;
Сақтандыру оқиғасы — ол пайда болған кезде Сақтандыру шартымен көзделген Сақтандырушының сақтандыру төлемін жүзеге асыру міндеттемесі туындайтын пайда болуы ықтималдығы мен кездейсоқтығы белгілеріне ие оқиға;
робота мого віддіул без мене - мій кращий показник як керівника)Сақтандырушы - «Сентрас Иншуранс» сақтандыру компаниясы» акционерлік қоғамы; Сақтандыру аумағы - Сақтандыру шартының сақтандыру қорғауының күші таралатын аумақ. «Сақтаңдыру аумағы» үғымына Қазақстан Республикасының аумағы, Сақтандырылған тұлғаның тұрақты тұрған елдің аумағы, Сақтандырылған тұлға азаматы/резиденті болып табылатын елдің аумағы кірмейді;
Жарақат — дене жарақаты, соғылу, созылу, жаралану, сыну, органның немесе байламның жарылуы, буыны шығуы (болмашы күш салудан немесе буындағы белгілі бір қозғалыс салдарынан бірнеше рет пайда болатын үйреншіктік буыны шығудан басқа), күю, үсу, ыстық өту, суға кету, ағзаның аса суып кетуі, тыныс алу жолдарына бетен заттың тусуі нәтижесінде кенеттен тұншығу, электр тоғының соғуы, жай түсуі, аңдар, өсімдіктер немесе жәндіктермен байланысу нәтижесінде алған жарақат;
Көліктік шығындар — ауыстыру, эвакуация немесе өлгеннен кейінгі шығындар;
Шұғыл амбулаторлық-емханалық көмек — организм үшін өмірлік маңызы бар қызметтерін қалпына келтіру, қолдау мақсатымен атқарылатын және 2 (екі) сағаттан астам уақытқа кешіктірілмейтін жедел медициналық көмек.
Шұғыл госпитализациялау — жедел көрсетілуі тиіс және оқиға орын алғаннан бастап 2 (екі) тәуліктен астам уақытқа кешіктірілмейтін жедел медициналық көмек (оның ішінде шұғыл хирургиялық және медикаментоздық емдеу), медициналық көмекті көрсетуден бастарту немесе оны кешіктіру салдарынан организм ауыр әрі қалпына келмес күйге түседі, салдарынан адам қайтыс болады.
Эпидемия/пандемия — осы аумақта әдетте тіркелетін ауру-сырқаулықтың деңгейінен айтарлықтай асатын белгілі бір өңірдің шегінде уақыт пен кеңістікте көпшілік ұлғая таралатын адамдардың инфекциялық ауруының таралуы.
3. Сақтандыру объектісі
3.1. Сақтаңдыру обьектісі болып Сақтандыру шартында аталған аумақта сақтандыру мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының шекарасынан тыс болу кезеңінде Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) кенеттен науқастануына және/немесе денсаулығының өзге бұзылуына байланысты медициналық шығындармен байланысты Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) Қазақстан Республикасының заңнамасына қайшы келмейтін мүліктік мүдделері табылады.
4. Сақтандыру оқиғасы
4.1. Сақтандыру шарты әрекет ету мерзімінде және Сақтандырылған тұлға сақтандыру аумағында болған кезінде, Сақтандыру шартында көрсетілген медициналық шығындардың орын алуына, Сақтандырылған тұлға кенет науқастану салдарынан шұғыл медициналық көмекке жүгінуіне әкелген оқиға сақтандыру жағдайы болып мойындалады. Шығындар, Сақтандыру шартының 11 бабына сәйкес, Сақтандырушымен өтеледі.
5. Сақтандыру оқиғаларынан ерекшеліктер, сақтандыру бойынша шектеулер
5.1. Сақтандыруға Сақтандыру шартын жасасу кезіне жасы 81 (сексен бір) жыл және содан жоғары жастағы азаматтар қабылданбайды.
5.2. Сақтандырушы Сақтанушының және/немесе Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру аумағында көтерілген және мыналармен байланысты шығындары бойынша сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша міндеттемелерді көтермейді:
1) олар бойынша емделу жүргізілуіне немесе жүргізілмеуіне тәуелсіз, сақтандыру мерзімі басталар алдыңда бар аурулармен байланысты Сақтандырылған тұлғаның денсаулығы жағдайының нашарлауына немесе өліміне және осы емделуге қатысты көтерілген шығындарға, сондай-ақ егер саяхат Сақтандырылған тұлғаға денсаулығының жағдайы бойынша жақпайтын және/немесе бар аурудың жағдайын қиындата түсетін (оның асқынуына себеп болатын) болса;
2) туа біткен ауытқушылықтары және дамуындағы ақауларымен;
3) Сақтандырылған тұлғаның өміріне тікелей қауіп төндірген кенет асқынуларды (жағдайларды) қоспағанда, созылмалы ауруларды, олардың асқынуын, салдарлары мен өрбіп қайтуын диагностикалау және емдеумен;
4) соз аурулары мен жыныс жолдары арқылы берілетін аурулармен;
5) психикалық аурулармен, бұзылуларымен және олардың асқынуларымен, аффективті және невротикалық бұзылулармен;
6) ағзаның кез келген органдары мен жүйелерінің қатерлі және қатерсіз өскіндерімен;
7) табиғи апаттардың нәтижесінде және саяхатқа дейін хабарландырылған айрықша қауіпті инфекциялармен (саяхатқа дейін уәкілетті орган ресми хабарлаған эпидемиялар, пандемиялар кезінде), сондай-ақ инфекциялық (ішек және балалар инфекцияларынан басқа) және паразиттік аурулармен, соның ішінде туберкулезбен, бруцеллезбен, вирусты гепатиттен, типтік емес өкпе қабынуымен байланысты, сондай-ақ мемлекеттік билік органдарының әрекеттері мен шешімдері нәтижесіңде Сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келтірумен немесе өлімімен;
8) сақтандыру аумағыңда тексеруді және/немесе емделуді алу қасақана мақсатымен;
9) жүктілік, босану, аборт жағдайы (Сақтандырылған тұлғаның өміріне тікелей қауіп төндіретін жағдайлардан басқа және 12 (он екі) аптадан аспайтын жүктілік мерзімі кезінде, сондай-ақ етеккір циклының бұзылуы);
10) төменде санамаланған жағдайларда (егер осы тәуекел қосымша төленбесе) Сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келтірумен (денсаулық жағдайының нашарлауымен) немесе өлімімен:
- Сақтандырылған тұлға ауыр (зиян) жұмыстың кез келген нысанын орындау немесе кәсіби немесе әуесқой спортпен айналысу кезінде;
- Сақтандырылған тұлға кез келген жарыстарға (сынақтарға, сайыстарға) қатысқан кезде;
11) соғыстың (жарияланған немесе жарияланбаған), әскери іс-қимылдардың, маневрлардың немесе өзге өскери іс-шаралардың кез келген салдарларымен; азаматтық соғыспен, лаңкестікке қарсы операциялармен, кез келген түрдегі халық толқулары мен ереуілдерімен; ядролық жарылыстың, радиацияның немесе радиоактивті жұқтыру әсерімен байланысты Сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келтірумен (денсаулығы жағдайының нашарлауымен) немесе өлімімен;
12) науқастың төсегінің жанында жеке постыны, үйде немесе қонақ үйде Сақтандырылған тұлғаға медбикенің қарауын ұйымдастырумен;
13) жергілікгі емдеуге жататын және Сақтандырылған тұлғаның саяхатының жалғасуына кедергі болмайтын елеусіз аурулар немесе жарақаттар жағдайында эвакуациямен;
14) Сақтандырушымен келісілмеген кез келген эвакуациямен және/немесе репатриациямен, сондай-ақ Сақтандырылған тұлғаның тұрақты тұратын (азаматтығы) еліне эвакуациядан ерікті бас тарту нәтижесінде туындаған шығындар бойынша;
15) пластикалық және қалпына келтіру хирургиясымен, жүрек, тамыр, жүйке жүйесі ауруларымен, ангиографиямен байланысты хирургиялық араласулармен, тіпті оларды өткізуге медициналық көрсетілімдер бар бопуы жағдайындада, органдар мен тіңдердің трансплантациясымен, емдеудің экстракорпоралды әдістерімен;
16) остеосинтезге арналған материалдарға, көзілдіріктерді, көру линзаларын, есту аппараттарын таңдау, жөндеу және сатып алумен (қамтамасыз етумен), протездік-ортопедиялық құралдарды, глюкометрлерді және басқа медициналық бұйымдарды сатып алумен, сондай-ақ биологиялық белсенді қоспаларды сатып алумен байланысты шығындармен;
17) протездеудің, остеосинтездің және остепластиканың кез келген түрімен;
18) медициналық тұрғыдан шұғыл жәрдемге қажетті болып табылмайтын немесе дәрігермен тағайындалмаған қызметтерді көрсетумен;
19) дәстүрлі емес әдістермен диагностикалау мен емделумен;
20) шипажай-курорттық емделумен, шипажай қамқорлық қараумен;
21) түрлі профилактикалық тексерулер, емделулер және оларды бақылау, жалпы медици- налық тексерулер, қайталап тексерулер, екпелер, тігістерді алу, таңулар (тек шұғыл көмек керсетуден кейінгі жағдайдың нашарлауымен байланысты жағдайлардан өзгесі);
22) Сақтандырылған тұлғаның күнге күюін емдеумен;
23) Иммунитет тапшылығы вирусын (ИТВ) жұқтырумен;
24) Сақтандырылған тұлғаның кез келген елдің қарулы күштеріндегі қызметімен;
25) сақтандыру оқиғасы туындауымен шарттас Сақтандырушымен немесе Сақтандырушының өкілімен телефондық (факсимилді) байланыс жағдайларынан басқа, телефон арқылы сөйлесулерді қоса алғанда медициналық емес сипаттағы кызметтерді алумен;
26) Сақтандырылған тұлғаға қатысты уақытша мекендеу елінің қолданыстағы заңнамасына сәйкес әкімшілік жазаға немесе қылмыстық қуалауға әкеп соққан құқыққа қарсы әрекетті жасаумен немесе жасауға әрекеттенумен;
27) Сақтандырылған тұлғаның емделуімен және/немесе оған оның туыстары жүзеге асыратын қараумен;
28) тиісті лицензиясы жоқ, не медициналық көмекті көрсету кезіне лицензияның қолданылуы тоқтатылған медициналық мекемемен (дәрігермен) қызметтерді көрсетумен;
29) шетелге саяхаттың мақсаты спорт жарыстарына және жиындарына қатысу болып табылған жағдайда, егер осындай көмек спорт командасының дәрігерімен немесе жарыстарды немесе жиындарды ұйымдастырушылармен қамтамасыз етілсе, Сақтандырылған тұлғаға медициналық көмекті көрсетумен;
30) осы көліктік құралды басқаруға құқығы жоқ Сақтандырылған тұлғаның көлік құралын басқаруы салдарынан болған жазатайым оқиғамен;
31) өз-өзіне әдейі дене жарақатын (жарақаттарды) келтіру, алкогольді ішімдіктерді және eciрткі құралдарын немесе өзге заттарды колдану және/немесе оларды қолданудың салдарлары (асқынулары), сондай-ақ өзін жөнсіз тәуекелге ұшырату (басқа адамның өмірін құтқаруға әрекеттенуден баска) нәтижесінде Сақтандырылған тұлғаның денсаулығына зиян келтірумен (денсаулығы жағдайының нашарлауымен) немесе өлімімен;
32) табиғи және техногенді апаттардың әсері нәтижесінде пайда болған аурулармен;
33) ағлақтық зиянды, ұтылған пайданы жене тұрақсыздық төлемін төлеуді өтеумен;
34) сақтаңдыру оқиғасының пайда болуымен байланысты емес өзге шығындармен.
5.3. Сақтандыру шартымен сақтандыру оқиғаларынан ерекшеліктер тізбесіне өзгерістер мен толықтырулар енгізілуі мүмкін.
6. Сақтандыру сомасы және сақтандыру сыйлықақысы. Сақтандыру аумағы.
6.1. Сақтандыру сомасының мөлшері Сақтандыру шартының I бөлімінде керсетілген.
6.2. Сақтандыру шарты бойынша төленуіне тиісті сақтандыру сыйлықақасының мөлшері Сақтаңдыру шартының I бөлімінде көрсетілген.
6.3. Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сыйлықақысын Сақтанушы сақтандыру аумағына шығу күнінен кешіктірмей Сақтандырушының банктік шотына ақшаны аудару немесе Сақтандырушының кассасына қолма-қол ақшамен бір жола төленеді.
6.4. Сақтандыру аумағы болып Сақтандыру шартының I бөлімінде көрсетілген аумақ табылады.
7. Тараптардың құқықтары мен міндеттері
7.1. Сақтандырушы:
1) Сақтанушыны Сақтандыру қағидаларымен және Сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға;
2) сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде Сақтандыру шартымен белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру төлемін жургізуге;
3) сақтандыру құпиясын қамтамасыз етуге;
4) Сақтанушыға Сақтандыру шартын, ал оны жоғалтқанда төлнұсқасын беруге;
5) Шарттың 11 бабы 11.6 тармағына сәйкес сақтандыру оқиғасы кезінде онымен залалды азайту үшін жүргізілген шығындарды Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) өтеуге;
6) сақтандыру оқиғасының пайда болу фактісін тіркеуге;
7) сақтандыру төлемін жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың толымсыз пакетін ұсыну жағдайында, құжаттарды aлy күнінен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға) немесе Пайда алушы болып табылатын өзге тұлғаға жетіспейтін құжаттарды көрсетумен анықтаманы беруге міндетті.
7.2. Сақтандырушының:
1) Сақтанушыдан, егер осы жағдайлар Сақтандырушыға мәлім болмаса және мәлім болмауы тиісті болса, сақтандыру оқиғасының пайда болу ықтималдығын және оның пайда болуынан келтірілетін ықтимал залалдың мөлшерін (сақтандыру тәуекелін) анықтау үшін маңызды мәнге ие жағдайлар туралы маліметтерді алуға;
2) Сақтанушы хабарлаған ақпаратты, сондай-ақ Сақтанушымен Сақтандыру шартының талаптары мен шарттарын орындауын тексеруге;
3) Сақтандыру шартымен көзделген тәртіпте және мерзімде Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;
4) Сақтаңдыру шартында, Қағидаларда және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда сақтандыру төлемін жүзеге асырудан толық немесе ішінара бас тартуға;
5) Сақтанушыдан сақтандыру оқиғасы фактісін, оның пайда болу жағдайларын анықтау үшін қажетті ақпаратты талап етуге;
6) сақтандыру оқиғасының белгілері бар уақиғаның себепттері мен жағдайларын жеке анықтауға, соның ішінде өкілетті органдарға сұрауларды жіберуге;
7) Сақтанушының келісімі бойынша Сақтанушының атынан және тапсырысы бойынша сотта істерді жүргізуді өзіне қабылдауға;
8) тәуекел дәрежесінің ұлғаюы жағдайында Сақтаңдыру шартының талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына сәйкес косымша сақтаңдыру сыйлықақысын төлеуді талап етуге кұқығы бар. Егер Сақтанушы Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсы болса, Сақтандырушы Қағидалармен және Сақтандыру шартымен көзделген тәртіпте және мерзімде Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқығы бар;
9) сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде зардап шеккен адамның денсаулығына келтірілген зиянның мөлшерін бағалау, сақтандыру төлемінің мөлшерін анықтау үшін тәуелсіз сарапшының қызметтерін пайдалануға;
10) Қағидаларда, Сақтандыру шартында және Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген жағдайларда зиян келтіруге жауапты тұлғаға кері талап қою құқығын ұсынуға;
11) Қазақстан Респубикасының заңнамасында анықталған жағдайларда Сақтандыру шартын жарамсыз деп тануды талап етуге;
12) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге әрекеттерді жасауға құқығы бар.
7.3. Сақтанушы:
1) Сақтандыру шартында белгіленген мөлшерде, тәртіпте және мерзімде сақтандыру сыйлықақысын төлеуге;
2) Сақтандыру шартында белгіленген тәртіпте және мерзімде сақтандыру оқиғасының пайда болуы туралы Сақтандырушыны хабардар етуге;
3) сақтандыру оқиғасынан келтірілген залалды азайтуға шараларды қабылдауға;
4) Сақтандыру шартын жасасқан кезде және қолданылу кезеңіңде Сақтандырылған сақтандыру обьектілеріне қатысты барлық қолданыстағы немесе жасасатын Сақтандыру шарттары туралы Сақтандырушыға хабарлауға;
5) сақтандыру оқиғасының пайда болу себептері мен өзге жағдайларын, залалдың мөлшерін анықтауда Сақтандырушының өкіліне жәрдемдесуге;
6) егер қуыну мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына, Сақтандыру шартына сәйкес Пайда алушыны/Сақтанушыны сақтандыру төлемін алуға құқығынан айыратын жағдай анықталатын болса, Сактандырушыға алынған сақтандыру төлемін толық немесе ішінара қайтаруға;
7) Сақтандыру шарты бойынша қажетті құжаттардың, сақтандыру оқиғасымен байланысты құжаттардың, сондай-ақ Сақтандырушымен Сақтандырушыға ауысқан сақтандыру оқиғасының пайда болуына кінәлі тұлғаға залалды өтеуді (суброгация) талап ету құқығын жүзеге асыру үшін қажетті құжаттардың, дәлелдердің және мәліметтердің сақталуын және Сақтандырушыға табысталуын қамтамасыз етуге;
8) егер сақтандыру оқиғасы пайда болуына байланысты Сақтандырушы Сақтандырушының және Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) мүдделерін қорғау үшін өз өкілін тағайындау қажет деп есептесе - Сақтандырушымен аталған тұлғаларға сенімхатты және/немесе осындай мүдделерді қорғау үшін қажетті басқа құжаттарды беруге міндетті; Сақтандырушының сақтандыру оқиғасының пайда болуына байланысты Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) мүдделерін сотта білдіруге немесе Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) құқықтық қорғауын өзге түрде жүзеге асыруға құқығы бар, бірақ міндетті емес;
9) Сақтандырушыны сақтандыру тәуекелінің жағдайы туралы хабардар етуге;
10) сақтандыру оқиғасы пайда болудың алдындағы уақыт кезеңі үшін өз денсаулығының жағдайы туралы құжаттарды Сақтандырушының талабы бойынша ұсынуға;
11) медициналық ұйымдардың дәрігерлерін Сақтандырушының алдында сақтандыру оқиғасына қатысты бөлігінде кұпиялылық міндеттемесінен босатуға;
12) Сервистік компанияның үйлестірушісінің, дәрігерлердің, Сақтандырушының нұсқауларын сақтауға;
13) Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасына байланысты барлық жағдайларды анықтау үшін Сақтандырушыға қажетті барлық ақпаратты, сақтандыру оқиғасына қатысты медициналық және басқа құжаттарды қоса алғанда, беруге;
14) егер құжат шетел тілінде жасалған болса, Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының пайда болуын және шығындарды өз бетінше төлеген жағдайда, Сақтандырушыға өтеуге берілген шығындардың мөлшерін растайтын құжаттардың орыс немесе мемлекеттік тілдерге ресми аудармасын ұсынуға;
15) Сақтандырылған тұлғаларды Сақтандыру шартының талаптарымен таныстыруға;
16) Сақтандырушының мүдделеріне қарсы әрекеттерді жасамауға, сондай-ақ: Сақтандырушының келісімінсіз қандай да бір міндеттемелерді қабылдамауға, қандай да бір ұсыныстарды қабылдамауға, Пайда алушыға келтірілген зиянды өтеу есебіне ешқандай толемдерді жүргізбеуге, сондай-ақ Сақтандырушының жазбаша келісімінсіз, құтқару жұмыстарын ұйымдастыру бойынша әрекеттерден, сондай-ақ залалды азайту мақсатымен жүргізілген әрекеттерден басқа, сақтандыру оқиғасына қатысты төлемдер сомалары мен мерзімі бойынша міндеттемелерді бермеуге;
17) сақтандыру талаптарын орындауға (Сақтандырылған тұлғаның Сақтандыру шартының талаптарын бұзуы Сақтанушының өзімен Сақтандыру шартының талаптарын бұзуы деп есептеледі) міндетті.
7.4. Сақтанушының:
1) Сақтаңдыру қағидаларымен және Сақтандыру шартының талаптарымен танысуға;
2) Сақтандыру шартын, ал оны жоғалтқан жағдайда оның төлнұсқасын алуға;
3) Қазақстан Республикасының заңнамасымен белгіленген тәртіпте Сақтаңдырушының сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бас тарту немесе оның мөлшерін азайту туралы шешімін даулауға;
4) шығыңдарды өз бетінше төлеу жағдайында сақтандыру төлемін алуға;
5) сақтандыру құпиясына;
6) Сақтандырушыдан Сақтандыру шартының талаптарын және қолданылу тәртібін түсіндіруді талап етуге;
7) медициналық ұйымдарда Сақтандыру шартында анықталған медициналық қызметтердің көрсетілуін талап етуге құқығы бар. Егер осындай медициналық қызметтерді ұсынудан бас тартылса, Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) бұл туралы Сақтандырушыны (Сервистік компанияны) дереу хабардар етуі тиіс. Сақтанушыда (Сақтандырылған тұлғада) осындай мүмкіндіктің жоқтығы кезінде Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) өтініші бойынша Сақтанушымен (Сақтандырылған тұлғамен) өкілеттік берілген кез келген тұлға хабардар етуі мүмкін;
8) Сақтанушының Сақтандырушыдан Сақтандыру шартына сәйкес сақтандыру төлемін алуға құқығы Сақтанушы таңдаған сақтандырудың медициналық бағдарламаларына сәйкес сақтандыру оқиғасы пайда болумен туындайды;
9) Сақтандырушыдан Шарттың 11 бабы 11.6 тармағына сәйкес сақтандыру оқиғасымен келтірілген залалдың алдын алу немесе азайту мақсатында Сақтанушы көтерген шығындардың өтелуін алуға;
10) Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға;
11) егер басқасы Сақтандыру шартымен көзделмесе, Сақтандыру шарты бойынша Сақтанушыдан басқа тұлға сақтандырылған жағдайда, бұл туралы Сақтанушыны өтініш беру жолымен жазбаша хабардар ете отырып, Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру аумағына кетуі алдында жұмыс уақытында Сақтандырылған тұлғаны ауыстыруға;
12) сақтандыру оқиғасы пайда бопғанға дейін, бұл туралы Сақтандырушыны жазбаша хабардар ете отырып, Сақтандырылған тұлға болып табылмайтын Пайда алушыны басқа тұлғаға ауыстыруға құқығы бар. Пайда алушы ол оның Сақтанушымен келісімінен шығатын Сақтандыру шарты бойынша белгілі бір міндеттерді орындағаннан кейін немесе Сақтандырушыға сақтандыру төлемін жүзеге асыру бойынша талапты ұсынғаннан кейін басқа тұлғаға ауыстырыла алмайды;
13) Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына қайшы келмейтін өзге әрекеттерді жасауға кұқығы бар.
7.5. Осы баппен көзделген құқықтар мен міндеттер түбегейлі болып табылмайды, тараптардың сонымен бірге Сақтандыру шартының басқа баптарымен көзделген құқықтары бар және міндеттерді көтереді.
8. Сақтаңдыру оқиғасы пайда болған кездегі әрекеттер
8.1. Сақтандыру оқиғасының пайда болуын, сондай-ақ онымен келтірілген залалды дәлелдеу Сақтанушыға (Сақтандырылған тұлғаға, Пайда алушыға) жүктеледі.
8.2. Пайда алушының, бұны Сақтанушы немесе Сақтандырылған тұлға істеуіне немесе істемеуіне тәуелсіз, барлық жағдайларда сақтандыру оқиғасының пайда болуы туралы Сақтандырушыны хабардар етуге құқығы бар.
8.3. Сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде Сақтандырылған тұлға Сервистік компаниямен және/немесе Сақтандырушымен байланысуға және мынаны хабарлауға міндетті:
1)өз фамилиясын, атын, Сақтандыру шартының нөмірін және жарамдылық мерзімін;
2)өзінің орналасқан жерін, байланыс телефоңдарын;
3)сақтандыру оқиғасының жағдайдарын және талап етілетін медициналық жәрдемнің ықтимал сипатын қысқаша сипаттауға міндетті.
8.4. Сервистік компаниядан және/немесе Сақтандырушыдан нұскауларды алғаннан кейін Сақтандырылған тұлға алынған нұсқауларға сәйкес әрекет етуі тиіс.
8.5. Сақтаңдыру оқиғасы пайда болтан кезде, Сервистік компания Сақтандырушының атынан Сақтандырылған тұлғаға Сақтандыру шартында көрсетілген медициналық жәрдемнің және басқа қосымша қызметтердің көрсетілуін қамтамасыз етеді.
8.6. Шұғыл жағдайда, егер Сақтандырылған тұлға Сервистік компаниямен байланыса алмаса және Сақтандырылған тұлға медициналық шығындарды өз бетінше төлесе, Сақтандырылған тұлға болған оқиға туралы Сақтандырушыны телефон арқылы немесе Сақтандыру шартында көрсетілген электрондық мекен-жайға 48 (қырық сегіз) сағат ішінде хабардар етуі және мынаны хабарлауы тиіс:
1) Сақтандырылған тұлға жіберілген емдеу мекемесінің атауы, мекен-жайы және телефоны;
2) Сақтандырылған тұлғаны емдейтін дәрігердің аты, фамилиясы, мекен-жайы және телефоны;
3) Сақтандырылған тұлғаның ТАӘ, тұрақты тұрғылықты жерінің мекен-жайы және азаматтығы;
4) Сақтандыру шартының нөмірі.
8.7. Сақтаңдырылған тұлға қандай да бір техникалық немесе өзге дәлелді себептермен Сервистік компаниямен және/немесе Сақтандырушымен байланыса алмаған айрықша жағдайларда, Сақтандырылған тұлғаның кез келген дәрігерге немесе кез келген медициналық ұйымға жүгінуге және оған көрсетілген медициналық көмек үшін шығындарды өз бетінше төлеуге құқығы бар, бұдан кейін Сақтандырылған тұлға Сақтандырушыға құжаттардың қарау және сақтандыру төлемін жүзеге асыру/бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін ұсынуға құқылы. Құжаттардың тізбесі, ұсыну мерзімі 9 бапта берілген.
9. Сақтандыру төлемін жүзеге асыруды жүзеге асыру/бас тарту туралы шешімді қабылдау үшін қажетті құжаттардың тізбесі
9.1. Сақтандырылған тұлға көрсетілген медициналық қызметтер үшін шығындарды өз бетінше төлеген жағдайда сақтандыру төлемін алу үшін, Қазақстан Республикасына оралғаннан кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде Сақтандырушыға сақтандыру оқиғасының пайда болуы туралы жазбаша өтінішті және сақтандыру төлемі үшін кажетті құжаттарды ұсынуы тиіс:
1) Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның өтініші;
2) Сақтандыру шартының түпнұсқасы (төпнұсқасы);
3) Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның жеке тұлғасын растайтын құжаттар;
4) Сақтандырылған тұлғаға медициналық жәрдемнің көрсетілуін растайтын емдеу мекемесінің мөрімен расталған медициналық құжаттар;
5) көрсетілген қызметтерді төлеу түбіртектері, шоттары, дәріқағаздың түпнұсқалары;
6) Сақтандырылған тұлғаның өлгеннен кейінгі репатриациясы жағдайында Сақтанушы/ Пайда алушы қосымша мыналарды усынуға міндетті:
- өлім туралы куәліктің түпнұсқасын немесе нотариуспен расталған көшірмесін;
- Сақтандырылған тұлғаның қайтыс болу себептері туралы ақпаратты қамтитын заңнамалық актілермен көзделген құжаттардың көшірмелерін;
- Пайда алушының сақтандыру төлемін алуға құқығын растайтын құжатты;
7) төтенше жағдайда үшінші тұлганың шұғыл сапары жағдайында
- үшінші тұлғаның шұғыл сапарын растайтын билеттердің түпнұсқалары немесе көшірмелері;
8) Сақтаңдырылған тұлғаны медициналық эвакуация жағдайында:
- Шарттың 9 бабы 9.1. тармағының 1-5 тармақшасына, 7 және 9 тармақшасына (қажет болған жағдайда) сәйкес құжаттардың тізбесі;
9) Сақтандырылған тұлғаның балаларын қайтару жағдайында:
- Қазақстан Республикасына Сақтандырылған тұлғаның балаларын қайтаруды растайтын билеттердің түпнұсқалары немесе көшірмелері.
9.2. Сақтандыру оқиғасына жататын құжаттар Сақтандырушыға мемлекеттік немесе орыс тілдерінде не түпнұсқа тілінде мемлекеттік немесе орыс тілдеріндегі нотариуспен расталған аудармасымен бірге ұсынылуы тиіс.
9.3. Сақтанушы/Сақтандырылған тұлға сақтандыру оқиғасы пайда болуы туралы өтінішті және сақтандыру төлемі үшін қажетті құжаттарды тұрақты мекендеу елінен келгеннен кейін бескүндік мерзім ішінде ұсынбауы жағдайында Сақтандырушының сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту құқығы бар.
9.4. Санамаланған құжаттардан басқа, егер нақты жағдайларды есепке алумен, сұралатын құжаттардың Сақтандырушыда болмауы ол үшін Сақтандыру шартында ескертілген мерзімде сақтандыру оқиғасының фактісі мен себептерін анықтау және залалдың мөлшерін анықтауды мүмкін қылмайтын (немесе өте қиындататын) болса, Сақтанушыдан басқа да құжаттарды талап етуі мүмкін.
9.5. Сақтандырылған тұлғаға көрсетілген медициналық қызметтер Сервистік компаниямен төленген болса, шығындарды өтеу үшін Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) тек қана өтінішті ұсынады, қалған құжаттарды Сақтандырылған тұлғаға қызметтерді көрсету туралы шартта көрсетілген құжаттардың тізбесіне сәйкес Сервистік компаниямен ұсынылады.
10. Сақтандыру төлемін төлеу немесе сақтандыру төлемін төлеуден бас тарту туралы шешімді қабылдау мерзімі
10.1. Ұсынылған құжаттардың негізінде Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның/Пайда алушының өтініші бойынша сақтандыру оқиғасы пайда болуы нәтижесінде келтірілген зиянның мөлшерін Сақтандырушы анықтайды. Қажет болған жағдайда келтірілген зиянның мөлшерін бағалау бағалаушымен (тәуелсіз сарапшымен) жүргізіледі.
Келтірілген зиянды бағалау нәтижелерімен келіспеген жағдайда тарапттар өзгені дәлелдеуге кұқылы.
10.2. Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) Сақтандыру оқиғасына қатысты Шарттың 9 бабы 9.1. тармағында санамаланған барлық қажетті құжаттарды Сақтандырушыға ұсынғаннан кейін, Сақтандырушы 10 (он) жұмыс күн ішінде осы шығындарды өтеу туралы немесе егер көрсетілген көмек шұғыл көрсетілімдер бойынша көрсетілмеген болса, дәлелді бас тарту туралы шешімді қабылдайды.
10.3. Сақтандыру төлемін есептеу сақтандыру оқиғасы пайда болу күніне Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің шетел валюталарының ресми бағамы бойынша түбіртектер мен шоттардың түпнұсқалары негізінде жасалады.
10.4. Сақтандыру төлемі сақтандыру төлемін төлеу туралы шешімді қабылдағаннан кейін 10 (он) жұмыс күннен кешіктірмей жүргізіледі. Бас тарту туралы шешімді қабылдаған жағдайда, Сақтаңдырушы бұл туралы бас тарту себептерін көрсетумен Сақтанушыны (Сақтандырылған тұлғаны) сондай мерзімде жазбаша хабардар етеді. Сақтандырушының сақтандыру төлемін телеуден бас тартуына сотқа шағымдануға болады.
10.5. Сақтаңдырушы мына жағдайларда сақтандыру төлемінен ішінара немесе толық бас тартуға құқылы:
1) қажетті қорғаныс жене аса қажеттілік жағдайында жасалған әрекеттерден басқа, Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру оқиғасының пайда болуына бағытталған немесе оның пайда болуына ықпал ететін әрекеттері;
2) Сақтандыру шартымен көзделген құжаттарды беру мерзімін бұзу;
3) Қағидалармен және/немесе Сақтандыру шартымен белгіленген тәртіпте және мерзімде сақтандыру оқиғасының пайда болуы туралы Сақтандырушыны Сақтанушының/ Сақтандырылған тұлғаның (немесе оның өкілімен) хабардар етпеуі немесе уақытылы хабарламауы;
4) егер Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру оқиғасының себептерін, сипатын және пайда болған нәтижемен (салдарларымен) байланысын анықтауға қажетті құжаттарды және мәліметтерді ұсынуға мүмкіндік болып, ұсынбаса, немесе біле тұра жалған дәлелдерді ұсынса;
5) Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) сақтандыру оқиғасынан келтірілетін залалды азайту бойынша шараларды қасақана қабылдамауы;
6) егер Сақтанушы Сақтандыру шартын жасасқан кезде біле тұра құқыққа қарсы пайданы алу мақсатын көздесе, соның ішінде оны сақтандыру оқиғасы пайда болғаннан кейін жасасса;
7) Сақтанушы Сақтандырушыға сақтандыру обьектісі, сақтандыру тәуекелі, сақтандыру оқиғасы және оның салдарлары туралы біле тұра жалған мәліметтерді хабарлауы;
8) сақтандыру оқиғасының пайда болу жағдайларын тергеуге және келтірілген шығынның мөлшерін анықтауға Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның кедергі келтіруі;
9) Сақтанушының сақтандыру оқиғасының пайда болуына жауапты тұлғаға өзінің талап ету құқығынан бас тартуы, сондай-ақ Сақтандырушыға регресстің ауысуына қажетті құжаттарды Сақтандырушыға беруден бас тартуы. Егер сақтандыру төлемі жүргізілген болса, Сақтандырушы оның топық немесе ішінара қайтарылуын талап етуге құқылы;
10) Сақтанушының (Сақтандырылған тұлғаның) Сақтандыру шартының талаптарын және Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасын бұзуы;
11) заңнамалық актілермен белгіленген тәртіпте сақтандыру оқиғасымен себепті байланысындағы қасақана қылмыстар немесе әкімшілік құқық бұзу болып танылған Сақтанушының, Сақтандырылған тұлғаның әрекеті;
12) Сақтандырылған тұлғаның Сервистік компания үйлестірушісінің, дәрігердің ұсынымдарын, медициналық баянатта нұсқаулар бар болуы кезінде емдеу мекемесінде тәртіп ережелерін сақтамауы;
13) егер сақтандыру оқиғасы сақтандыру аумағынан жене Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінен тыс пайда болса;
14) егер Шарттың 5 бабы 5.2 тармағының 10 тармақшасындағы тәуекелдер бойынша сыйлықақы түзету коэффициентін есепке алумен төленбеген болса;
15) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Сақтандыру шартымен көзделген өзге негіздемелер бойынша.
10.6. Сақтандырушы, егер сақтандыру оқиғасы мыналардың салдарынан пайда болса, сақтандыру төлемін төлеуден босатылады:
1) әскери және құқық қорғау органдарындағы қызмет немесе тиісті оқыту;
2) кез келген түрдегі әскери әрекеттер немесе әскери іс-шаралар және олардың салдарлары, азаматтық соғыс, төнкеріліс, көтеріліс, бүлік, билікті озбырлықпен тартып алу немесе басып алу, қамауға алу, азаматтық толқулар, көпшілік тәртіпсіздіктер, ереуілдер, локауттар мен олардың салдарлары;
3) саяси себептермен лаңкестік актілері немесе зорлық;
4) ядролық жарылыс, радиация немесе радиоактивті ластану;
5) Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның дәрігердің нұсқауын орындаудан, тасымалдаудан және эвакуациядан ерікгі бас тартуы;
6) Сақтанушының/Сақтандырылған тұлғаның алкогольді, уытты немесе есірткі масаю күйінде немесе психотроптық заттардың әсерінде болуы, соңдай-ақ осы жағдайлардың салдарларынан болған әрекеттері.
10.7. Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексімен және Сақтандыру шартымен көзделген өзге негіздемелер бойынша Сақтанушыға сақтандыру төлемін төлеуден толық немесе ішінара бас тартуға құқылы.
10.8. Сақтандырушыны осы баппен көзделген Сақтанушының құкыққа қарсы әрекеті себебі бойынша Сақтанушының алдындағы сақтандыру жаупкершілігінен босату Сақтандырушыны Сақтандырылған тұлғаға сақтандыру төлемін жүзеге асырудан бір уақытта босатады.
10.9. Сақтандыру төлемін уақытылы жүзеге асырмағаны үшін Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 353 бабына сәйкес жауапкершілікті көтереді.
11. Сақтандыру төлемдерін жүзеге асыру тәртібі мен шарттары
11.1. Сервистік компаниямен төленген мекендеу еліндегі Сақтандырылған тұлғаның медициналық шығындарын өтеуге сақтандыру төлемі (Сақтандыру шартымен көзделген сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде Сақтандырылған тұлғаға медициналық көмек көрсеткені үшін және өзге шығындары үшін) Сақтандырушымен Сақтандырылған тұлғаға қызмет көрсету туралы шарттың талаптарына сәйкес Сервистік компания берген шоттарды төлеу жолымен не Сақтандырылған тұлғаның шығындары орнына төлеу жолымен жүргізіледі.
11.2. Сақтандырылған тұлғаның мына шығындары өтемақыға жатады:
1) сақтандырылған тұлға шұғыл амбулаторлық-емханалық көмек алуы үшін арыздануы салдарынан орын алған шығындар, егер оларды, емдеуші дәрігердің пікірінше, 2 (екі) сағаттан астам уақытқа кешіктіруге болмаса және ол шұғыл көмек көрсету немесе медикаментозды емдеу кезінде қажетті болса (оның ішінде тексеру, амбулаторлық жағдайларда дәрігер-маманның кеңесі);
2) шұғыл госпитализациялау, шұғыл хирургиялық ота жасау салдарынан орын алған шығындар (тек ота жасаудан өзгесі, егер оларды, емдеуші дәрігердің пікірінше, 2 (екі) тәуліктен астам уақытқа кешіктіруге болса және олар шұғыл көмек керсету кезінде қажетті болып табылмаса);
3) стоматологиялық емдеуге шығындары: тістің қатты ауыруы пайда болуымен немесе жазатайым оқиғаның нәтижесінде келтірілген жарақаттармен шарттас қарау, рентген зерттеуі, тістерді алдыру немесе пломбалау. Стоматологиялық емделуге сақтандыру сомасы (сублимит) 100 (жүз) Евроны құрайды;
4) Сақтандырылған тұлғаны тасымалдау бойынша шығындар:
- сақтандыру оқиғасы пайда болған кезде сақтандыру аумағындағы медициналық мекемеге медициналық тасымалдауға;
- оның мекендеу орнынан тікелей халықаралық қатынас бар тұрақты мекендеу (азаматтық) еліндегі әуежайға жақын ауруханаға дейін эвакуацияға. Бұл ретте Сақтандырушы өз бетінше сатып алынған және сақтандыру оқиғасы пайда болуына байланысты пайдаланылмаған авиабилеттің (билеттердің) құнын қайтаруды талап етуге құқылы;
5) үшінші тұлғаларды тасымалдау бойынша шығындар:
егер жалғыз өзі саяхаттаған Сақтандырылған тұлға сақтандыру аумағында ауруханаға жатқызылса, және Сервистік компания дәрігерінің ойынша, науқастың жағдайы ауыр деп есептелсе, Сақтандырушы науқасқа бару үшін Сақтандырылған тұлғаның жақын туысы (анасы, әкесі, ағасы, апасы, улы, қызы) немесе жұбайы болып табылатын бір тұлғаға Сақтандырылған тұлға орналасқан жерде жақын бақылау-жіберу пунктіне дейін екі араға эконом классының авиабилетін ұсынады. Сақтандырылған тұлға ауруханаға жатқызылған елде осы тұлғаның тұруы бойынша шығындар Сақтандырушымен өтелмейді;
6) Сақтандырылған тұлғаның балаларын қайтарумен байланысты шығындар:
егер Сақтандырылған тұлғаның қарауындағы балалар, соңғысының науқастануы немесе жазатайым оқиғасы салдарынан сақтандыру аумағында қараусыз қалатын болса, Сақтандырушы Сақтандырылған тұлғаның тұрақты мекендеу (азаматтығы) еліне тікелей халықаралық қатынас бар әуежайға дейін эконом класспен балалардың жүруін төлейді. Бұл ретте Сақтандырушы балаларға өз бетінше сатып алынған және сақтандыру оқиғасы пайда болуына байланысты пайдаланылмаған авиабилеттің (билеттердің) кұнын қайтаруды талап етуге құқылы;
7) Сақтандырылған тұлғаның мәйітін (сүйегін) өлгеннен кейін репатриациямен байланысты шығындар.
- өлікті сою, бальзамдау, халықаралық тасымалдау үшін қажетті табыт;
- Сақтандырылған тұлға алдында тұрақты мекендеген және тікелей халықаралық қатынас бар елдегі болжалды жерлеу орнына жақын әуежайға мәйітті (сүйекті) тасымалдау.
11.3. Сақтандырушы Сақтандырылған тұлғаны жерлеу мен салттық қызметтерге шығындарды көтермейді.
11.4. Сақтандырылған тұлға өз бетінше төлеген медициналық шығындар бойынша сақтандыру төлемі Сақтандырылған тұлға мына талаптарды сақтауы кезінде жүзеге асырылады:
1) Сақтандырушыға сақтандыру төлемі туралы талап Сақтанушымен немесе Пайда алушы болып табылатын өзге тұлғамен Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті құжаттарды қоса берумен жазбаша нысанда (сақтандыру төлемі туралы өтініш) беріледі;
2) егер Сақтандырылған тұлға сақтандыру төлемін жүзеге асыруға жеткіліксіз құжаттардың пакетін ұсынса, Сақтандырушы 3 (үш) жұмыс күнінен аспайтын мерзімде Сақтанушыны (Сақтандырылған тұлғаны) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға қажетті жетіспейтін құжаттар туралы хабардар етеді;
3) сақтандыру төлемін жүзеге асыруға ұсынылған құжаттар пакеті соңғы қажетті құжаттың Сақтандырушы компаниясына түскен кезден бастап толық ұсынылды деп есептеледі.
11.5. Сақтандыру төлемі Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасымен, Сақтандыру шартымен көзделген тәртіпте теңгеде жүргізіледі. Сақтандырылған тұлға өз бетінше медициналық шығындар үшін төлеген шетел валютасын теңгеге айырбастау есебі Сақтандырылған тұлғаның төлемді жүзеге асыру күніне сәйкес есептеледі. Егер көтерілген шығындарды Сақтаңдырылған тұлға өз бетінше төлесе сақтандыру төлемі сақтандыру төлемін алушымен көрсетілген банктік шотқа жүргізіледі. Егер аудару Қазақстан Республикасының шегінде жүзеге асырылса, сақтандыру төлемін аудару бойынша шығындар Сақтандырушының есебінен жүзеге асырылады.
11.6. Залалдың алдын алу немесе азайту мақсатында Сақтанушы көтерген шығындар, егер осындай шығындар қажет болған жағдайда немесе Сақтандырушының нұсқауларын орындау үшін жүргізілген болса, тіпті тиісті шаралар сәтсіз болса да, Сақтандырушымен өтелуге жатады. Осындай шығындар сақтандыру төлемі мен шығындарды өтеудің жалпы сомасы Сақтандыру шартында көзделген сақтандыру сомасынан артпайтындай, нақты мөлшерде өтеледі, егер шығындар Сақтанушымен Сақтандырушының нұсқауын орындау нәтижесінде пайда болса, олар сақтаңдыру сомасына қатыссыз толық көлемде өтеледі.
11.7. Сақтандыру оқиғасымен тікелей себепті байланысындағы қылмыстық істің қозғалуы жағдайында, Сақтандырушы құқық қорғау органдарымен қылмыстық істі тоқтату туралы шешімді қабылдау күніне дейін немесе соттың шешім қабылдау күніне дейін сақтандыру төлемінің мерзімін ұзартуға құқылы.
12. Сақтандыру шартын тоқтату шарттары
12.1. Сақтандыру шарты мына жағдайларда тоқтатылған болып саналады:
1) Сақтаңдыру шартының жарамдылық мерзімінің етуі;
2) Сақтандырушының міндеттемелерінің орындалуы (Сақтандырушының Сақтандыру шарты бойынша сақтандыру сомасы мөлшерінде сақтандыру төлемін (сақтандыру төлемдерін) жүзеге асыру);
3) Сақтаңдыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату;
4) Қазақстан Республикасының заңнамасымен және Сақтандыру шартымен көзделген өзге жағдайлар.
12.2. Міндеттемелерді тоқтатудың жалпы негіздемелерінен басқа, Сақтандыру шарты мына жағдайларда тоқтатылады:
1) сақтандыру обьектісі болуын тоқтатқан кезде;
2) оны ауыстыру жүргізілмесе Сақтанушы болып табылмайтын Сақтандырылған тұлғаның өлімі;
3) сақтандыру оқиғасы пайда болу ықтималдығы жоқ болған кезде, және сақтандыру тәуекелінің бар болуы сақтандыру оқиғасынан басқа себептермен тоқтатылса;
4) «Сақтаңдыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайлардан басқа, Сақтандырушыны мәжбүрлеп жою туралы сот шешімінің заң күшіне енуі;
5) «Сақтандыру қызметі туралы» Қазақстан Республикасының Заңымен көзделген жағдайларда.
Аталған жағдайларда Сақтандыру шартын тоқтату үшін негіздеме ретінде көзделген жағдайдың туындау кезінен бастап тоқтатылған болып есептеледі, бұл туралы мүддені тарап екінші тарапты дереу хабардар етуі тиіс.
12.3. Тараптардың Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын бұзуға құқығы бар. Сақтандыру шартының колданылуын мерзімінен бұрын тоқтату туралы тиеті туралы тараптар бір бірін Сақтандыру шартын тоқтатудың болжалды күніне дейін 1 (бір) жұмыс күн бұрын хабардар етуге міндетті. Аталған жағдайда Сақтандыру шартының қолданылуы Сақтандыру шартын тоқтату туралы хабарлау күнінен кейінгі келесі күннен бастап тоқтатады.
12.4. Сақтанушы Сақтандыру шартынан кез келген уақытта бас тартуға құқылы. Сақтанушының Сақтандыру шартынан бас тартуы кезінде, егер бұл Шарттың 12 бабының 12.2. тармағында аталған жағдайлармен байланысты болмаса, егер басқасы Сақтандыру шартымен көзделмесе, Сақтандырушыға төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтарылуға жатпайды.
12.5. Сақтандыру шартын мерзімінен бұрын тоқтату оның талаптарын Сақтандырушының орындамауынан болса, соңғысы Сақтанушыға төленген сақтандыру сыйлықақысын толық қайтаруға міндетті.
12.6. Сақтанушы Сақтандыру шартынан Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі басталар алдында бас тартуы кезінде:
1) рұқсатнаманы ашуға елшіліктің бас тартуы себебі бойынша, Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысын 100% көлемде қайтарады, бұл ретте Сақтанушы елшіліктің бас тартуын жазбаша түрде (түпнұскасын) Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі басталуына дейін ұсынуға міндетті;
2) Сақтандыру шарты күшіне енгеннен кейін, бірақ Сақтандырылған тұлғаның сақтандыру аумағына ұшуының алдында уәкілетті органның ресми хабарландырылған сақтандыру аумағындағы эпидемиялар және пандемиялар және/немесе соғыс қимылдарын, маневрларды және өзге әскери іс-шаралардың басталуы туралы хабарлауы себебі бойынша, Сақтандырушы төленген сақтандыру сыйлықақысын 100% көлемде қайтарады;
3) өзге себепттер бойынша, Сақтандырушы Сақтанушыға көтерілген шығындарды және істі жургізуге шығындарды өтеу үшін 25%, шегерумен төленген сақтандыру сыйлықақысын қайтарады.
12.7. Сақтанушы Сақтандыру шартынан оның қолданылу мерзімі басталғаннан кейін бас тартуы жағдайында төленген сақтандыру сыйлықақысы қайтаруға жатпайды.
12.8. Сақтандырушының жойылуы кезінде сақтандыру сыйлықақысын қайтару Қазақстан Республикасының сақтандыру және сақтандыру қызметі туралы заңнамасымен белгіленген кредиторлардың талаптарын қанағаттандырудың кезектілігіне сәйкес жүзеге асырылады.
13. Сақтаңдыру шартының қолданылу кезеңінде сақтаңдыру тәуекелін упғайту салдарлары
13.1. Сақтандыру шартының қолданылу кезеңінде Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға) егер осындай өзгерістердің сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына айтарлықтай әсер етуі мүмкін болса, Сақтандыру шартын жасаскан кезде Сақтандырушыға хабарланған жағдайлардағы оған мәлім болған айтарлықтай өзгерістері туралы Сақтандырушыға дереу хабарлауға міндетті.
13.2. Сақтандыру тәуекелінің ұлғаюына әкеп соғатын жағдайлар туралы хабардар Сақтандырушы Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуді немесе тәуекелдің ұлғаюына сәйкес қосымша сақтандыру сыйлықақысының төленуін талап етуге құқылы.
13.3. Егер Сақтанушы немесе Сақтандырылған тұлға Сақтандыру шартының талаптарын өзгертуге немесе сақтандыру сыйлықақысын қосымша төлеуге қарсы болса, Сақтандырушы Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 24 тарауында көзделген қағидаларға сәйкес Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы.
13.4. Сақтанушының немесе Сақтандырылған тұлғаның Шарттың 13 бабы 13.1 тармағында көзделген міндетін орындамауы кезінде Сақтандырушы Сақтандыру шартын бұзуды және Сақтандыру шартын бұзудан келтірілген шығынды өтеуде талап етуге құқылы.
13.5. Сақтандырушы, егер сақтандыру тәуекелін ұлғаюына әкеп соққан жағдайлар жойылса, Сақтандыру шартын бұзуды талап етуге құқылы емес.
13.6. Тәуекелдің ұлғаюы болуы және болмауына тәуелсіз, Сақтандырушының Сақтандыру шартының қолданылу мерзімі ішінде Сақтанушымен хабарланған мәліметтердің дұрыстығын тексеруге құқығы бар.
14. Сақтандыру шартының жарамсыздығы және оның салдарлары
14.1. Қазақстан Респубпикасының Азаматтық кодексімен көзделген мәмілелердің жарам- сыздығының негізгі негіздемелерінен басқа, Сақтандыру шарты мына жағдайларда жарамсыз болып танылады, егер:
1) Сақтандыру шартын жасасу кезіне сақтандыру обьектісі жоқ болса;
2) сақтандыру обьектісі болып құқыққа қарсы мүліктік мүдделер табылса;
3) сақтандыру оқиғасы ретінде, бұл туралы тараптар, тым болмаса Сақтанушы, алдын ала білген, оның пайда болуының ықтималдығы және кездейсоқтық белгілерінен айрылған және Сақтандыру шартының қолданылу шегінде шарасыз және обьективті түрде болуы тиіс уақиға көзделсе;
4) егер Сақтанушы Сақтандыру шартын жасасқан кезде біле тұра құқыққа қарсы пайданы алу мақсатын көздесе, соның ішінде оны сақтандыру оқиғасы пайда болғаннан кейін жасасса;
5) Сақтандырылған тұлғаның келісімі міндетті болып табылатын жағдайларда оның келісімі болмаса;
6) Сақтандыру шартының жазбаша нысаны сақталмаса.
14.2. Сақтандыру шарты жарамсыз болып танылған кезде Сақтандырушы Сақтанушыға одан алынған сақтандыру сыйлықақысын, ал Сақтанушы (Пайда алушы) Сақтандырушыдан алған сақтандыру төлемін қайтаруға міндетті.
14.3. Егер Сақтандыру шарты Сақтанушының құқыққа қарсы әрекеттері салдарынан пайда болған негіздемелер бойынша жарамсыз болып танылса, бұл туралы Сақтандырушы Сақтандыру шартын жасасу кезіне, сондай-ақ оны орындау процессінде білмесе және білуге тиісті болмаса, Сақтандырушы Сақтанушыға, көтерілген шығындарды шегерумен, Сақтандыру шартының өтпеген мерзімі үшін сақтандыру сыйлықақысын қайтарады, ал сақтандыру төлемі төленген жағдайда - төленген соманы қайтаруды талап етуге құқығы бар.
14.4. Осындай салдарлар Сақтандырушыға Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 839 бабында көзделпен сақтандыру төлемін төлеуден бас тартуға негіздеме беретін себептер бойынша Сақтандыру шартын жарамсыз деп тану жағдайында пайда болады.
14.5. Егер Сақтаңдыру шарты қылмыстық мақсаттарға бағытталса, Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 157 бабы 4-6 тармағында көзделген салдарлар пайда болады.
15. Дауларды шешу тәртібі
15.1. Сақтандырушы мен Сақтанушы (Сақтандырылған тұлға, Пайда алушы) арасында туындайтын дауларды тараптар келіссөздер жүргізу жолымен шешеді.
15.2. Тараптардың арасында келісімге қол жеткізілмеген жағдайда, дау Қазақстан Реслубли- касының заңнамасына сәйкес сот тәртібінде шешіледі.