Авиакомпания рейстерді біржақты тәртіпте кестеден алуға немесе кестеге өзгерістер енгізуге құқылы. Бұл туралы біз жолаушыны электрондық пошта арқылы хабардар етеміз. Барлық қажетті ақпараттың қолжетімді болуы үшін немесе броньдауыңыздағы барлық өзгерістер туралы тезірек білу үшін SMS-хабарлама қызметіне тапсырыс беріңіз!
Tickets.kz сайтында Сіз SMS-хабарламаны таңдауыңызға болады:
- Рейс кестеден алынған жағдайда.
- Рейс кестеден алынғанда немесе ауыстырылған жағдайда – сіз өзгерістің орын алғаны туралы SMS-хабарлама алатын боласыз. Ұшып өту туралы толығырақ ақпарат сіздің электрондық поштаңызға жіберіледі
- Ұшып өту маршрутының толық сипатталымы – «Мобильді маршрут» опциясы. Сіз келесідей деректер көрсетілген хабарлама алатын боласыз: брондау нөмірі, билет нөмірі, авиакомпания локаторы, ұшу/ұшып келі уақыты мен күні, әуежайы, терминалы (әрқашанда қолжетімді бола бермейді, авиакомпанияға байланысты). Ұшуға дейін 48 сағаттан артық уақытта қызметке тапсырыс беру кезінде сізге 2 SMS-хабарлама жолданады: бірі – төлем жасалысымен және билет жазып берілгеннен кейін, ал екіншісі – ұшуға дейін 24 сағаттан бұрын жіберіледі.
- Сіздің тапсырысыңыз туралы ақпарат (броньдау нөмірі, билет нөмірі, әуе компаниясының локаторы) — «SMS-билет» опциясы.
- Ұшақтың қонғаны туралы осы телефон нөміріне жіберілетін хабарлама.
SMS-хабарламаның құны қызмет түрін таңдау парағында көрсетілетін болады.
Төмендегі жағдайларға назар аударуыңызды сұраймыз:
- SMS-хабарлама қызметі билет сатып алған кезде ғана қолжетімді;
- біз әуе
компаниясының
әрекеттеріне әсер ете алмаймыз, өйткені біз әуе компаниясы мен жолаушы арасында небары делдал ғана болып табыламыз;
- егер авиакомпания рейсті кестеден алып тастамаған/ауыстырмаған болса, яғни ешқандай өзгерістер жасамаған, тиісінше, SMS-хабарлама жіберілмеген болса, қызметтің құны қайтарылмайды;
- билет қайтарылған жағдайда (кез келген себептермен) қызмет үшін төленген ақша қаражаты қайтарылмайды;
- SMS-хабарламалар сіз билетті жазып алған кезде электрондық поштаңызға алатын маршрут-түбіртектің орнын алмастырмайды, біз жолаушыларға оны басып шығарып, ұшу сапарының соңына дейін сақтауға кеңес береміз.
SMS-хабарламада көрсетілген мәлімет ақпараттық сипатта болып келеді. Сіздің электрондық поштаңызға жіберілетін хабарламаларды бақылауға кеңес береміз.