Егер сіз ұшақ бортында салмағы және/немесе көлемі ақысыз алып өтетін жолаушы жүгінің белгіленген нормасынан асатын спорт жабдығын тасымалдауды жоспарлаған болсаңыз, бұл туралы әуе билетін броньдаған соң, бірақ төлемін жасамас бұрын біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметіне міндетті түрде хабарлаңыз. Біз әуе компаниясының өкілдерімен хабарласып, мұның сіз таңдаған рейсте мүмкін не мүмкін еместігін, егер мүмкін болса, қандай шартпен екендігін анықтайтын боламыз.
Тасымалдау үшін алдын ала келісілуді талап ететін спорт жабдықтары төмендегідей:- тау және тегістік шаңғылары, шаңғы таяқтары, сноубордттар;
- су шаңғылары, серфинг тақталары;
- дайвинг пен малту жабдықтары;
- көлемі үлкен балықшы құралдары;
- велосипедтер;
- хоккей таяқтары;
- жеңіл атлетика жабдықтары және т.б.
Әуе компаниялары, әдетте, мына жабдықтарды алдын ала келісусіз қабылдайды:- скейтбордтар;
- роликті және хоккей аяқ киімдері;
- гольф жабдықтары және т.б.