Авиакомпаниялардың нақтылығы

Тәжірибелі саяхатшылар авиакомпаниялардың кестені дәл орындауы қаншалықты маңызды екендігін жақсы біледі. Ұшу сапары сегменттерінің бірінде бұзылған тоғысулар мұқият жоспарланған саяхатты қиындатуы немесе мүлдем бүлдіруі мүмкін.

Сондықтан біз ұшу сапарларының нақтылығын жалпы авиакомпаниялар үшін де, әрбір бөлек рейс үшін де үнемі мониторингілеп отырамыз.

Авиакомпаниялардың қаншалықты нақты екендігін және таңдалған рейс үшін орташа кідірісті қалай тексеруге болады?

  1. «Авиакомпаниялар рейтингі» тарауынан қажетті авиакомпанияны таңдаңыз немесе ҮЗДІК авиакомпаниялар тізімі үстінде орналасқан іздеу тәсілін пайдаланыңыз.
  2. Авиакомпаниялар парағында «Нақтылық» қосымшасына өтіңіз.
  3. Қосымша парақта сіз авиакомпанияның барлық рейтері бойынша кідірістердің жалпы статистикасын көрсететін жиынтық кестені көре аласыз.
  4. Нақты рейс бойынша кідіріс көрсеткіштерін қарау үшін, оның нөмірін жиынтық кесте астында орналасқан іздеу нысанына енгізіңіз немесе қажет рейсті төмендегі жалпы тізімнен таңдаңыз.
Кідіріс кестелерінде келесі ауқымдар көрсетіледі:
  • <15 минут;
  • 15 минуттан 29 минутқа дейін;
  • 30 минуттан  44минутқа дейін;
  • 45 минуттан астам;
  • рейстің күшін жою.
Статистикалық мәліметтерді жаңарту мерзімділігі — айына 2 рет, айдың 5-ші және 20-шы күндері. Сайтта көрсетілген кестелерде соңғы екі күнтізбелік айдың мәліметтері беріледі.

Мәліметтерді FlightStats, Inc халықаралық агенттігі жинап ұсынған.