Пойызға билетті сатып ала отырып, сапар барысында өзіңізді қауіпсіз сезіну үшін тапсырысқа сақтандыру полисін қосыңыз.
Қызметті қалай пайдалануға болады?
Темір жол билеттерін сатып алуды рәсімдеу барысында «Қосымша қызметтер» блогында жазатайым оқиғадан сақтандыруды рәсімін таңдаңыз.
Полистің құны тапсырыстың жалпы бағасына қосылады.
Төлем жасаған соң электрондық поштаңызға темір жол билеттері мен жазатайым оқиғадан сақтандыру туралы келісім-шарт жолданады.
Сонымен қатар сайтта авторизацияланған соң олар «Менің билетім» бөлімінде қолжетімді болады.
Жолаушыларды жазатайым оқиғаладан сақтандыру талаптары
Сақтандыру жағдайларына нәтижелері мынадай болатын оқиғалар жатады:
- Жолаушы жарақат алса (дене жарақаттары);
- І-ІІІ топ мүгедектігі белгіленсе;
- Өлімге ұшыраса.
Полис Қазақстан Республикасы шегінде жөнелу және келу вокзалдарының, сондай-ақ пойыз билетінде көрсетілген вагонның аумақтарында әрекет етеді.
Полис пойыздың жіберілу кезеңінде (жолаушының жіберілген күнінен бастап, сағат 00:00 бастап) және бекет сапарына 3 күннен кейін жеткен соң (немесе билетте көрсетілген) жарамды болады.
Сақтандыру төлемінің мөлшері
Сақтандыру оқиғасы болған кезде компания сақтандыру сомасының бір бөлігін төлейді (200 000 теңге):
- Сүйектің сынуы, жабық бас сүйек-ми зақымы, буынның шығуы — 10%;
- улы жәндіктер мен жануарлардың тістеуі — 5%;
- шок (зақымданудан есеңгіреу, көп қан жоғалтудың нәтижесінде дамитын гиповолемиялық шок, анафилактикалық шок) — 5%;
- күю — 7%;
- үсу — 5%;
- І топ мүгедектігі — 100%;
- ІІ топ мүгедектігі — 70%;
- ІІІ топ мүгедектігі — 30%;
- өлім — 100%.
Жазатайым оқиғасындағы іс-әрекеттер
- Сақтандыру полисінде көрсетілген нөмірлер бойынша сақтандыру компаниясына хабарласыңыз.
- Полисіңіздің нөмірін, аты-жөніңізді хабарлаңыз.
- Операторға болған оқиғаны сипаттап беріңіз.
Сақтандыру төлемін алу үшін мыналар қажет болады:
- Сақтандыру полисі (түпнұсқасы және көшірмесі);
- Сақтандырылған тұлғаның жеке басын куәландыратын құжат (көшірме);
- Темір жол билеті;
- Тасымалдаушы тарапынан толтырылған жазатайым оқиға туралы акт немесе сот-тергеп-тексеру органдарының құжаттары;
- Көрсетілген медициналық көмекті куәландыратын және (немесе) денсаулыққа келтірілген зиянның себебі көрсетілген медициналық құжат (дәрігердің қолы мен емдеу-профилактикалық мекеменің мөрі болуы тиіс);
- Сақтандыру төлемін алу құқығын куәландыратын құжаттардың түпнұсқалары немесе олардың нотариалды түрде куәландырылған көшірмелері.
Сонымен қатар, сақтандыру компаниясы қосымша құжаттарды немесе медициналық сараптамадан өтуді талап ете алады.