Билетті сатып алған кезде, төмендегілерді көрсету керек:
- жолаушының тегі, аты, әкесінің аты;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжат түрі;
- жеке тұлғаны куәландыратын құжаттың нөмірі.
Пойыз түріне және сапар бағытына байланысты, басқа да жеке мәліметтерді көрсету керек болады.
Назар аударыңыз! №853/854 Қарағанды-Астана, №855/856 Қарағанды - Астана, №801/802 Астана - Павлодар, №807/808 Астана - Көкшетау, №809/810 Астана - Павлодар жайлылығы жоғары электр пойыздарына жол жүру құжаттарын (билеттерді) ресімдеу кезінде жолаушының құжаттарының типін міндетті түрде көрсету керек.