Электрондық жол жүру құжаты (билет) үшін қайтарылатын сома пойыздың түріне және жолаушының жүгінген уақытына байланысты тасымалдаушы тарапынан есептеледі.
Отыратын орындары бар құрамдардан бөлек барлық пойыздар үшін.
Егер пойыздың жүруіне дейін:
- 24 сағаттан артық болса, билет құны мен плацкарта құнынан тұратын жүру құны қайтарылады;
- 6 сағаттан 24 сағатқа дейін болса, билет құны және плацкарта құнының 50%-ы қайтарылады;
- 6 сағаттан кем (бірақ жүргеннен кейін 1 сағаттан артық емес) болса, билет құны қайтарылады, бұл ретте плацкарта құны толығымен (бірақ жүру құнының 30%-нан артық емес) ұсталады;
- пойыз жүргеннен кейін 1 сағат өткен соң жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүзеге асырылмайды.
Тек отыратын орындары бар пойыздар үшін.
Егер пойыздың жүруіне дейін:
- 24 сағаттан артық болса, жүру құны толығымен қайтарылады;
- 24 сағаттан кем (бірақ жүргеннен кейін 1 сағаттан артық емес) болса, жүру құнының 70%-ы қайтарылады;
- пойыз жүргеннен кейін 1 сағат өткен соң жүру құжаттарын (билеттерін) қайтару жүзеге асырылмайды.
Назар аударыңыз!
1) ҚТЖ шектеулеріне байланысты, тоқтатылған пойыздар үшін темір жол билеттерінің толық құнын қайтару тек кассаларда ғана мүмкін болады «Жолаушылар тасымалы» АҚ. Билеттерді онлайн қайтару кезінде қайтару сомасы комиссияны ескере отырып есептеледі (әрбір билет үшін 200 теңгеден ).
2) Қайтарым сомасынан Тасымалдаушы комиссиялық
алым ұстап қалады. Тасымалдаушының комиссиялық алым көлемі ендігі
шарттарға сәйкес есептеледі:
- егер қайтарым сомасы 3500 теңгеден арттса – Тасымалдаушыдан комиссиялық алымының көлемі 1000 теңге құрайды;
- егер қайтарым сомасы 3500 теңге немесе азырақ болса – Тасымалдаушы комиссиялық алымы ұсталмайды.
Төтенше жағдай режимі кезінде коронавирус пандемиясына байланысты темір жол билеттерінің ақшасын ұстап қалмай, айыппұлсыз толық көлемде қайтару туралы шешім қабылданды.
3) Қызмет ақысы туралы түбіртекті алу үшін, біздің Тұтынушыларға қызмет көрсету бөліміне хабарласыңыз.
Билетті
сатып алу кезінде төленген комиссиялық алым, агенттік қызметтерінің
құны, сондай-ақ төлем жүйелерінің маркалары мен комиссиялары
қайтарылмайды.