- Бөлек орын алмайтын 7 жасқа дейінгі бала ересек адамның қарауы мен тегін жол жүре алады.
- 7 жасқа дейінгі екі және одан артық бала жол жүрген кезде, тегін жол жүру құқығы тек бір балаға ғана беріледі, қалғандары үшін балалар билетін сатып алу керек.
- 7 жастан 15 жасқа дейінгі бала сапарға балаларға арналған жол құжаттары бойынша аттанады. Балалар билетіне арналған жеңілдік ересек жолаушының жол жүру құнының 50%-ын құрайды.
- 15 жастан жоғары балаларға ересек билетін алу керек.
Баланың жасы сапар басталған күнге қарай есептелетіндігіне назар аударыңыз. Вагонға отыру үшін, баланың жасын растайтын құжатты көрсету керек. Балалар ересектердің қарауынсыз балалар билеті бойынша жолға шыға алмайды.