Ұшақтың салонында жануарларды тек авиакомпанияның алдын ала рұқсатымен тасымалдауға болады.
Назар аударуды сұраймыз! Авиакомпаниялардың көпшілігі салонда мысық пен иттерді тасымалдауға рұқсат етеді. Басқа жануарларды тасымалдау мүмкіндігі жайында біздің Клиенттерге қамқор көрсету қызметінен нақтылап біліңіз немесе төленбеген брондау жасап, жануарды тасымалдау сұранысын мына email-ге жіберуіңізді сұраймыз:
info@tickets.kz. Қандай жануарды алып өткіңіз келетінін көрсетіңіз (түрі, салмағы және тордың мөлшері).
Біз авиакомпаниядан жауап алысымен, бірден сізге хабарласамыз және жануарлар тасымалдаудың мүмкін құны туралы хабарлаймыз. Егер баға сіздің көңіліңізден шығатын болса, брондаудың және жануарлар тасымалдауының ақысын төлейсіз.
Назар аударуды сұраймыз!Аэропортта тіркелген уақытта сіз жіберетін,баратын және авиакомпанияның транзиттік елдердің ветеринарлық қызметтері талап ететін жануарларға барлық құжаттарды көрсетуге тиіс боласыз. Ондай құжаттардың толық тізімін сіз тиісті консулдықтан немесе авикомпаниядан сұрап біле аласыз