Жолаушылар вагон қурылысы ПАО «КВСЗ»( Крюковск вагон жасаушы зауыты) Украина 2011-2013ж

КВСЗ-да жасап шығарылған жолаушы вагондары төмендегі маршруттар бойынша фирмалық жолаушы пойыздарының құрамында қатынайды: №10/9 «Астана – Алматы», №11/12 «Алматы – Шымкент», №37/38 «Маңғыстау – Астана», №47/48 «Атырау – Астана».

Купелі вагон: вагонда 10 купе, әр купеде 4 орыннан бар.
Астыңғы орындар отырғыштарға айналдырылады.
Қарастырылған: биоәжетханалар, ауа баптау жүйесі, мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған розеткалар, жеке жарықтама, саты және т.с.с.
Купелі вагон: вагонда 9 купе бар, 9-шы купе мүмкіндіктері шектеулі адамдарға арналған.
Қарастырылған: биоәжетханалар, ауа баптау жүйесі, мобильді құрылғыларды зарядтауға арналған розеткалар, жеке жарықтама, саты және т.с.с. Сондай-ақ арбадағы мүгедекке арналған көтергіш бар.

Плацкарталы вагон: вагонда 56 орын бар, 40 орын бөлімшелерде орналасқан және 16 бүйірлік орын бар.
Қарастырылған: биоәжетханалар, ауа баптау жүйесі, саты.

Вагон-мейрамхана