Билеттерді броньдау кезінде сізге Tickets.kz сайтына немесе тікелей авиакомпанияға төлем жүргізу опциясын таңдау ұсынылады. Бұл ұсыныс барлық рейстерде қолжетімді емес және авиакомпанияға байланысты.
Сайтта және авиакомпанияда төлем жасау арасындағы негізгі айырмашылықтар қаражатты есептен шығару мерзімінде, сондай-ақ сіздің тапсырыстың күші жойылған жағдайындағы қайтару мерзімдері болып табылады.
Мысалы, Tickets.kz сайтында төлем жасаған жағдайда, есептен шығару валютасын таңдау арқылы қаражатты үнемдеуге болады (банк картасына байланысты), бұл ретте сатып сатып алған күні сіздің картаңыздан төлем сомасы есептен шығарылады.
Авиакомпанияға төлеген кезде есептен шығару валютасы сайтта жарияланғанға сәйкес келмеуі мүмкін және қаражат 30 күн ішінде картадан есептен шығарылады, сондықтан билеттердің түпкілікті құны валюта айырмасы салдарынан жоғары болуы мүмкін.
Егер сіз тапсырыстан бас тартуға шешім қабылдасаңыз, Tickets.kz сайтында төлеген кезде қаражатты қайтару мерзімі өтінішіңізді өңдеу күнінен бастап 10 жұмыс күніне дейін, ал авиакомпанияға төлем жасауды таңдағанда - 60 күнге дейін мерзімді құрайды.
Tickets.kz сайтында және авиакомпанияда төлем жасау айырмашылықтарының егжей-тегжейлі сипаттамасымен «Айырмашылығы неде?» батырмасын басу арқылы тапсырысқа төлем жасау парақшасында танысуға болады.