Құрметті біздің клиенттер! Уайымдамаңыз, біз сіздердің билеттеріңізге қатысты барлық мәселелерді шешеміз.
Егер сіздің рейсіңіз тоқтатылса, сіз tickets.kz сайында қаражатты қайтару туралы өтінім қалдыра аласыз.
Авиабилетті қайтаруға өтінімді қалай қалдыруға болады?
- «Менің билетім» — «Авиабилеттер» — «Бронь №» — «Тапсырысты түзету» — «Билетті қайтару» бөліміне кіріңіз.
- Өтініштің жолақтарын толтырыңыз. Билеті қайтарылуды қажет ететін жолаушыны көрсетіңіз.
- Себебін таңдаңыз: Рейстің тоқтатылуы.
- Қажетті құжаттарды жүктеңіз: олар – сатып алушы паспортының бірінші бетінің скан-көшірмесі немесе фотосы.
- «СҰРАУДЫ ЖІБЕРУ» басыңыз.
Біз сіздің сұрауыңызды алғаннан кейін 72 сағат ішінде өңдейміз және өтінімді авиакомпанияға береміз. ⠀
Авиакомпания қайтару туралы сұраels растағаннан кейін сіз өтінімде көрсетілген электрондық поштаға хат аласыз.
Үлкен өтініш: біздің агенттіктің барлық мессенджерлеріне сұрақтарды қайталамаңыз. Біз сіздермен бірге ұайымдап жүрміз, бірақ шамадан тыс жүктеме өтініштерді өңдеу мерзімін арттырады, өйткені біз қайталауды әртүрлі сұраулар ретінде қабылдаймыз.
Бізге поштамызға хаттама жаза аласыз:
- авиабилеттердегі қайтару/өзгерту мәселелері бойынша: helpdesk@tickets.kz және info@tickets.ru
- темір жол билеттерін қайтару/өзгерту мәселелері бойынша: rail@tickets.kz
Бізге мына телефондар арқылы хабарласа аласыз:
- +7 727 364 50 00 (желі тәулік бойы жұмыс істейді)
- +7 707 364 50 00 WhatsApp (Ватсап 8.00-ден 18.00-ге дейін жұмыс істейді)