2022 жылғы 14 ақпанда Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мен "Wizz Air Abu Dhabi" Авиакомпаниясы арасындағы бірлескен мәлімдеме аясында Қазақстан Республикасы мен Біріккен Араб Әмірліктері астаналары арасында жаңа тұрақты рейс ашылды.
"Wizz Air Abu Dhabi" авиакомпаниясының Нұр-сұлтан – Абу-Даби бағыты бойынша рейстері санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды қатаң сақтай отырып және әуекомпания сайттарында жарияланған кестеге сәйкес А-321 типті әуе кемесінде аптасына 2 рейс жиілігімен дүйсенбі және жұма күндері орындалатын болады.
Бір бағыттағы билет құны 13 315 теңгеден басталады.
Назар аударыңыз! Билеттер саны шектеулі! Арзан сатып алуға асығыңыз!